Шымкентте тағы 31 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Бұл жолы пәтерлер Ақжайық шағынауданындағы көпқабатты үйлерден берілді.
Жаңа пәтер иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ ұстаздар, медицина мамандары және бюджет саласының қызметкерлері бар. Жаңа қоныстанушылар «Отбасы банк» АҚ ұсынған тиімді тетіктердің бірі – «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары арқылы баспаналы болды. Айта кету керек, пәтерлерге қоныстандыру жұмыстары қаладағы шағынаудандардың дамуына және жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуіне қарай кезең-кезеңімен жалғасады.
ӘСЕЛ ЖОЛДАСОВА, ЖАҢА ПӘТЕР ИЕСІ
2-10-20» бағдарламасы аясында бүгін әкімнің қолынан кілт алу бізге бұйырыпты. Аллаға шүкір, Ақжайық шағынауданынан осындай қолайлы бағамен баспана бұйырды. Отбасымызда сегіз адамбыз. Алты баламыз бар. Күміс алқа иегерімін.
САЛТАНАТ СЕРМАНИЗОВА, ЖАҢА ПӘТЕР ИЕСІ
Бүгін кілт алып, өте қуанып жатырмыз. Отбасымызбен бірге қуанышымызда шек жоқ. Құдай қаласа, осы үйіміз берекелі, той-думанға толы шаңырақ болсын деп ниеттеніп отырмыз.