Елімізде қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізілмек. Денсаулық сақтау министрлігі осы бағыттағы зертханалық диагностика стандартын жаңартуды көздейтін бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.


Егер құжат күшіне енсе, онкология саласында молекулалық-генетикалық талдау тәсілдері пайда болады. Бұл технология дерттің ерекшелігін дәлірек бағалап, әр науқас үшін тиімді емдеу жолын таңдауға мүмкіндік береді. Ведомствоның мәліметінше, қолға алынған жаңашылдық зертханалардың жұмысын бір жүйеге келтіріп, тексеру сапасын арттыруға бағытталған. Айта кетейік, бұйрық жобасы 12 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады