«Әділет» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Бүгін штаб өкілдері қала тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар халық алдында сөз сөйлеп, өздерінің мақсат-міндеттерін таныстырды. Бұл ғана емес, олар апта бойы түрлі ұйымдар мен мекемелерді аралап, әр сала өкілдерімен кездесті. Басқосуда партияның көтеретін мәселелері мен негізгі бағыттары таныстырылды. Бағдарламаға сәйкес, 1 миллион жұмыс орнын ашу, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және елдің экономикалық қауіпсіздігін күшейту көзделген. Сонымен қатар, 5 миллион қазақстандықты жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйрету жоспарланып отыр.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Жалаң ұранмен біз өйтеміз, бүйтеміз, аспандағы айды алып береміз деп жатқанымыз жоқ. Бізде нақты жоспар бар. Халыққа бағдарламамызды түсіндіріп жүрміз.»