Бүгін Қазақстан халық партиясының өкілдері Жастар театрының ұжымымен кездесті. Басқосу барысында мәдениет саласын дамыту мен шығармашылық ортаның өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.


Жиын ашық диалог форматында өтіп, театр ұжымы өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар мәдениет саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешудің тиімді жолдары жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, ұсынылған бастамаларды іске асыру тетіктері мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.Кездесу барысында кандидаттар Қазақстан халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Басқосуда қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді.   


БАЙМЫРЗА УМАРОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жастар театрына келіп, өзіміздің сайлауалды бағдарламамызды түсіндірдік. Партиямыздың істеген жұмыстарын айттық, келешекте істейтін жұмыстарға тоқталдық. 23-тамыз күні өтетін сайлауға қатысуға шақырдық. Осы құрылтай елде бірінші рет болғалы тұрғаннан кейін әрбір азаматты өз үлесін қосуға шақырдық.