«Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы қарттар үйіне барып, зейнеткерлермен кездесті. Кездесу барысында олардың тыныс-тіршілігімен танысып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды. Қазыбек Исаның айтуынша, 25 жылдық тарихы бар партия осы уақыт ішінде Парламентте бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырған.

Партия өкілдерінің айтуынша, олар азаматтық алу кезінде мемлекеттік тілден емтихан тапсыру туралы заңнамалық бастама көтеріп, оның қабылдануына ықпал еткен. Сонымен қатар, жеке банкроттық туралы заң нормаларын әзірлеуге қатысып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың несие жүктемесін жеңілдетуге үлес қосқан. Штаб мүшелері тұрғындарға партияның осы және өзге де бастамаларын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Партия бағдарламасында егемендік пен тәуелсіздікті нығайту, қоғамда, саясатта және экономикада ұлттық мүддені ілгерілету басты бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық берілген. Бұдан бөлек, «Ақ жол» партиясы шағын және орта бизнесті дамыту арқылы орта тапты қалыптастырып, байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты азайтуды көздейді.

ҚАЗЫБЕК ИСА, «АҚ ЖОЛ» ҚДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Осы қарттар үйіне 2022 жылы келген едік. Ол кезде ғимарат көмірмен жылытылатын. Мұндағылар 18 жылдан бері газға қосуды сұрап, арыз жазып келген екен. Біз депутаттық сауал жолдадық. Соның нәтижесінде бүгінде ғимарат газбен жылытылып отыр.»