Қазақстанда балалар арасындағы суицид мәселесі жылдан-жылға күрделеніп келеді. Мемлекет психологиялық көмек қызметтерін күшейтіп, түрлі бағдарламаларды қолға алғанымен, статистика көңіл көншітпей отыр.


Өткен жылы елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид дерегі 13,7 пайызға артқан. Ресми мәліметке сүйенсек, 199 бала өз-өзіне қол жұмсап көз жұмса, тағы 405 жасөспірім суицид жасауға әрекеттенген. Өкінішке қарай, биылғы жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткіш те алаңдатып отыр. Сарапшылар мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себебі жанұядағы психологиялық ахуалмен байланысты екенін айтады. Баланың пікірін елемеу, шектен тыс бақылау мен психологиялық қысым қайғылы жайтқа әкеледі.Ал мұның алдын-алу үшін ата-ана баласына көңіл бөлуі тиіс,-дейді мамандар.


АРАЙЛЫМ ҚУАТҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ
Суицид тек бір ғана себептен тұрмайды.Оған баланың көңіл-күйі, психологиялық қолдаудың болмауы, қысым көрсету әсер етіп жатады.Мұндай мәселеге кезіккен жағдайда психологтың көмегіне жүгіну өте маңызды.