Бүгін Шымкентте дәмханадан өрт шықты. Жалын қысқа уақыт ішінде жапсарлас орналасқан екі қабатты ғимараттың сыртқы қаптамасы мен шатырына тараған.


Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері тілсіз жауды оқшаулап, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Жалынды сөндіру жұмысына жеке құрам мен арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндіріліп, жағдай бақылауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.