Нарықта – 5 жыл, ал құрылыс саласында 20 жылдан астам тәжірибе. Шымкенттегі жетекші құрылыс компанияларының бірі – Kerege Group жаңа сату бөлімінің ашылу рәсімін өткізді. Компания тұрғын үй құрылысы нарығында бес жылдан бері табысты жұмыс істеп, осы уақытқа дейін 7 тұрғын үй кешенін пайдалануға беріп, мыңдаған отбасын баспанамен қамтыды. Салтанатты іс-шараға жиналған қонақтар жаңа сату бөлімінің мүмкіндіктерімен танысып, компанияның алдағы жобаларына жоғары баға берді.


Тұрғын үй құрылысында сапа мен сенімділікті басты ұстаным еткен Kerege Group компаниясы қызмет аясын кеңейтуде. Бүгін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа сату бөлімін ашты. Енді бөлімнің тәжірибелі мамандары әрбір сатып алушыға компания салып жатқан заманауи тұрғын үй кешендері туралы толық ақпарат беріп, тұрғын үйді таңдауға жан-жақты кеңес ұсынады.

Қазіргі таңда компания бірнеше ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Соның бірі – Grand Kerege тұрғын үй кешені. Нысан Нұрсат ауданында, Нұрсат аллеясының маңында орналасқан. Comfort Plus санатындағы кешен алты блоктан тұрады. Ғимараттардың биіктігі 10–16 қабат аралығында. Жобада 3–4 метрлік биік төбелер, жабық аула, заманауи балалар ойын алаңдары және жер асты паркингі қарастырылған.


КАМШАТ БИТЕМІРОВА, «KEREGE GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Kerege құрылыс компаниясы Шымкент қаласында бес жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін жеті тұрғын үй кешенін салып пайдалануға бердік, қазір де құрылыс жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қазіргі таңда Kerege Business тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Осы жылдың соңында тұрғындарға пәтер кілттерін табыстаймыз. Қазір Kerege Business тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге 10 пайыздық жеңілдік ұсынылып жатыр. Соңғы пәтерлерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.»


Kerege Group компаниясынан тұрғын үй сатып алу үшін тұрғындар екінші деңгейдегі кез келген банктің қызметіне жүгіне алады. Ипотекалық бағдарламалар мен несие беру шарттары әртүрлі. Әрбір сатып алушы өз мүмкіндігіне қарай қолайлы қаржыландыру жолын таңдай алады. Компания тұрғын үй құрылысында табиғи әрі сапалы күйдірілген кірпішті пайдаланады. Сонымен қатар, Kerege Center атты бірегей гастрономиялық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Қызғалдақ сарайының жанында орналасатын жоба тоғыз жеке мейрамханадан тұратын заманауи кешен болмақ. Қаланың қарқынды дамып келе жатқан бөлігінде орналасқан нысан кәсіпкерлерге тиімді бизнес жүргізуге мүмкіндік береді.


НҰРСҰЛТАН ЕСЕТОВ, МАРКЕТОЛОГ
«Негізі гастроорталықтар әлемнің ірі қалаларындағы мәдени кеңістіктерде орналасады. Мысалы, Мәскеудегі “Депо”, Ташкенттегі “Seoul Mun”, Лондон мен Нью-Йоркте де осындай гастроорталықтар бар. Біз де осы идеяны Шымкентте жүзеге асыруды қолға алдық. Жоба аяқталғаннан кейін бұл орын қалаға туристерді тартатын жаңа орталықтардың біріне айналады деп сенеміз. Мұнда тоғыз мейрамхана болады. Барлығы екі қабатты, сәулеттік стилі бір-бірімен үйлескен. Әр нысанның аумағы 350-ден 700 шаршы метрге дейін болады.


Жаңа сату бөлімі заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда келушілер жайлы ортада кәсіби кеңес алып, тұрғын үй жобаларымен толық таныса алады. Жаңа филиалдың ашылуына орай Grand Kerege тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге күні бойы 20 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынылды.