Қалада сайлауалды үгіт-насихат жұмысы белсенді жүріп жатыр. «Байтақ» жасылдар партиясы қала тұрғындарымен кезекті рет кездесу өткізіп, экология мен өңірдің тұрақты дамуына қатысты өз бастамаларын таныстырды.


Кездесу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарына тоқталып, экологиялық қауіпсіздікті күшейту әрі қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жоспарларын баяндады. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар партия өкілдері бағдарламада көзделген бастамаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын талқылады.


АЙДОС ОРДАБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Біз енді бүгінгі сайлауалды бағдарлама бойынша күнделікті тұрғындармен түсіндіру, өзімізді таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тұрғындардың көтеріп жатқан мәселесі-автотұрақ мәселесі. Бізде таза су, таза жер, таза ауа деген үш бағыттан тұрады бағдарлама.Біздің мақсат-болашаққа таза экология қалдыру.