Шымкентте күзет қызметкерлері жасыл алаңда бақ сынауда. Ішкі істер министрлігі Күзет қызметі комитетінің ұйымдастыруымен шағын футболдан республикалық турнир басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар жеңіс үшін өзара мықтыны анықтауда.

Металлург спорт кешені бірнеше күнге футбол мерекесінің орталығына айналды. Республикалық турнирге еліміздің барлық өңірінен келген күзет қызметкерлері қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жол ашады.

ЕРЖАН ЕСЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. 00:42-00:59 Турнирдің басты мақсаты – күзет қызметі басқармалары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрі “Заң мен тәртіп” қағидатын дәріптеу.


Биылғы турнирге еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысуда. Жалпы саны 170-тен астам қызметкер жасыл алаңда өзара бақ сынап жатыр. Әр команда өз аймағындағы іріктеуден өткен үздік ойыншылардан жасақталған.

ТЕМІРЛАН ДАУЫЛБАЙ, ҚОСТАНАЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
Жарыстың деңгейі өте жоғары. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жақсы нәтиже көрсеттік. Топтық кезеңнен өттік. Осындай турнирлер тәжірибе алмасып, әріптестермен араласуға үлкен мүмкіндік береді.

Күзет қызметкерлері арасындағы республикалық турнир 2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жарысты ұйымдастыру кезегі жыл сайын әр өңірге беріледі. Биыл Шымкент бұл додаға үшінші рет қабылдаушы қала болып отыр. Турнир қорытындысында үздік командалар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.