Тұтынушыға сапалы қызмет көрсету – табысты бизнестің басты кепілі. «Изуми» сауда үйі мен Түркияның аңызға айналған Gauche бренді Шымкенттегі шопинг деңгейін әлемдік биікке көтеріп жатыр. Жиырма жылға созылған сенімді серіктестік бүгін су жаңа деңгейге көтерілді. Сәнді киімдер дүкеніне Стамбулдан Gauche маркасының бренд-директоры Булент Дегер мен әлемге танымал арт-директор Гөкхан Өзел келді. Сән әлемінің серілері «Изуми» сауда үйінің сатушыларына шеберлік сабағын өткізіп, тауарды сату әдебін, клиентпен тиімді коммуникация орнату және өнімді дұрыс таныстыру жолдарын түсіндірді.


Шымкент халықаралық сән әлемінің жаңа орталығына айналып келеді. Ыстанбұлдан келген мейман Gauche маркасының бренд-директоры Булент Дегер мен әлемге танымал арт-директор Гөкхан Өзел «Күз–Қыс 2026–2027» жаңа топтамасын таныстырды. Ыстанбұлдық меймандар бұл шаһарды тек сән орталығы ретінде ғана емес, жаңа топтаманың түсірілім алаңы ретінде де таңдап отыр. Қонақтардың айтуынша, бауырлас елдің қонақжайлылығы мен өңірдің ғажайып локациялары «Күз–Қыс 2027» топтамасын еуропалық нарыққа таныстыруға таптырмас мүмкіндік бермек.


ГӨКХАН ӨЗЕЛ, АРТ-ДИРЕКТОР
Шымкентке келудегі басты мақсатымыз – «Күз–Қыс 2027» жаңа топтамасының түсірілімдерін өткізу. Бізді жергілікті халықтың қонақжайлылығы таңғалдырды, әрі түсірілімге арналған өте ғажайып локацияларды таптық. Ендігі меже – еуропалық нарыққа арналған ауқымды әрі әдемі жобаны сәтті жүзеге асыру.


Қазір брендтің 100 миллиондық аудиториясына арналған ауқымды медиажоба әзірленуде. Әлемдік саудадағы өзгерістерге қарамастан, Gauche бренді Африкадан Еуропаға дейінгі аралықта сату көлемін 40 пайызға арттырған. Енді брендтің ерекше стилі қазақстандықтарға бұрынғыдан да жақындай түспек. Ал «Изуми» сауда үйі үшін Gauche брендімен әріптестік – жай ғана серіктестік емес. Бұл – шымкенттік сәнқойлардың көңілінен шыққан мінсіз пішімнің, премиум сапа мен еуропалық талғамның шынайы кепілі.


БУЛЕНТ ДЕГЕР, GAUCHE МАРКАСЫНЫҢ БРЕНД-ДИРЕКТОРЫ
Бұйырса, «Изуми» компаниясымен әріптестігімізге 20 жыл толады. Бүгін осы жобамызды жаңа белеске көтеру үшін жұлдызды арт-директорымыз Гөкхан Өзелді арнайы алып келдік. Ынтымақтастық ауқымын едәуір кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл серіктестік Қазақстанға да, Ыстанбұлға да үлкен пайдасын тигізетініне сенімдіміз.


Түркиялық фэшн-сарапшылар «Изуми» сауда үйінің ұжымына арнайы шеберлік сабағын өткізді. Мамандар киімді сөреге әдемі орналастырудың құпиясымен бөлісіп, клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын үйретті. Мұның бәрі – сатып алушыларға жайлы әрі сапалы сауда жасауға мүмкіндік бермек.


АРУЖАН АЙТБАЙ, «ИЗУМИ» САУДА ҮЙІНІҢ ӨКІЛІ
Gauche бренді біздің ерекше ықыласымызға бөленген. Себебі ол жоғары сапалы еуропалық материалдарымен, мінсіз лекаласымен, сәнді үлгілерімен және түрік тігісімен танымал. Сонымен қатар бізге Түркияның белгілі дизайнері де келді. Ол қызметкерлерімізге арнайы кәсіби оқу өткізіп, Түркиядағы жарнамалық бағытты дамытуға өз үлесін қосады. Біз Түркиядағы серіктестерімізбен бірге жаңа жобаларды жүзеге асыруды бастап жатырмыз. Алда сіздерді көптеген жаңалықтар күтіп отыр. Сондай-ақ дәл қазір бізде студенттер мен мектеп оқушыларына арналған жазғы жеңілдіктер басталды.


Сән әлемінде шекара жоқ. Өйткені мұнда шеберлік пен батыл идеялар тоғысады. Бұл ерекше жобаның нәтижесін шымкенттіктер билбордтар мен LED экрандардан көретін болады. Егер сапа мен сәнді бағаласаңыз, «Изуми» сауда үйіне келіңіз.