Шаһардың тұрақты дамуына негіз болатын маңызды салалардың бірі – энергетика. Қаланы үздіксіз электр энергиясымен қамтып отырған стратегиялық кәсіпорындардың бірі «Оңтүстік Жарық Транзитте» Қазақстан Халық партиясының өкілдері кездесу өткізді.
Басқосу барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары таныстырылып, еңбек адамын қолдау, әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру жайы сөз болды. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, энергетика саласының мамандары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз көзқарастарын білдіріп, сайлауалды бағдарламада көзделген бастамаларды жүзеге асыру тетіктерін бірлесе талқылады.
МУХАМЕД ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін осы мекемеге келіп, сайлауалды бағдарламамыздың бәрін түсіндіріп бердік. Біз негізі Сингапур елінің әлеуметтік жағдайын Қазақстанға енгізгіміз келеді.Бұлар біздің бағдарламада жазылған, сол бойынша әлеуметтік бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз.