Негізгі Жаңалықтар ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖСДП қарапайым жұмыскерлердің құқықтарын кепілді түрде қорғауды көздейді. Оларға лайықты еңбекақы төлеуді, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және адам қадір-қасиетін құрметтеуді қолдайды. №1 қалалық клиникалық аурухана ұжымымен кездескен партия өкілдері қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі жайлы ой қозғады.

Кездесу еркін форматта өтті. Саяси ұйым өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырғаннан кейін жиын сұрақ-жауап форматында жалғасты. Медицина саласының қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға нақты жауап алды. Жиында зейнеткерлік жасты қысқарту, жалақыны көбейту секілді мәселелер бойынша партияның ұстанымы таныстырылды. Бағдарламада кәсіподақтар еңбек құқықтарын қорғаудың ықпалды әрі тәуелсіз институтына айналуы керектігі жазылған. Олар еңбек жағдайларына нақты әсер ете алатын және заң шеңберінде ұжымдық ықпал ету тетіктеріне ие болуы қажет. Мақсат – жұмыскердің үні естілетін және оның құқықтары сенімді қорғалатын әділ әрі қауіпсіз еңбек жүйесін қалыптастыру.

ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Шымкент қалалық филиалынан сайлауалды бағдарламамызды таныстыруға келдік. Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарын тыңдадық.  Сұрақтардың басым бөлігі зейнетақы жасын төмендету жайлы болды. Ол мәселе біздің бағдарламамызда бар.


Бөлісу