МӘМС: ШЫҒЫН 3,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
Мемлекетке келтірілген шығын 3,5 миллиард теңге. Қаржылық мониторинг агенттігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады.
Агенттіктік мәліметінше, елімізде 140 мыңға жуық азамат медициналық ұйымдарға өз келісімінсіз тіркеліп, олардың атына көрсетілмеген медициналық қызметтер рәсімделген. Яғни, заңсыз схема барысында азаматтардың дерегі пайдаланылған. Қазір осы фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есеп бойынша, МӘМС қорына келтірілген шығын 3,5 миллиард теңгеден асады.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ
Мәселен, Түркістан облысы Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу мәлімеиіне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшотына аударылған. Бұл кәсіпкерлердің медициналық мекемемен ешқандай келісімшарты болмаған. Олардың банк деректері бюджет қаржысын заңсыз шығарып, кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған. Бұл іс бойынша мемлекетке келтірілген шығын 501 миллион теңгеден асқан. Қазір екі күдікті қамауға алынды.