Негізгі Жаңалықтар «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Депутаттық мандаттан үміттілер халықпен жүзесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырып жүр. Күн өткен сайын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. «Байтақ» жасылдар партиясы өкілдері «Тұран» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

Жасылдар партиясынан кандидат Айдос Ордабеков тұғырнамасын таныстырып, негізгі бағыттарына тоқталды. Кездесуде азаматтар тұрғын үй маңындағы автотұрақ мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, халық күнделікті кездесетін түйіткілдерді айтып, толғандырған сұрақтарын қойды. Ал, депутаттық мандаттан үміттілер олармен пікір алмасып, мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Айта кетейік, «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай депутаттығына 47 кандидат ұсынған. Оның үшеуі Шымкент қаласынан.

СПИКЕР: АЙДОС ОРДАБЕКОВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Тұран шағынауданының тұрғындарымен жүргізілуде. Тұрғындардың қойып жатқан сұрақтары автотұрақ мәселесі.«Байтақ» жасылдар партиясы таза ауа, су, жер яғни, болашақты таза сумен қамту. Біздің нақты мақсат тал егу емес, оның ары қарай өнуі, алып кету соны қадағалау.

Бөлісу