ҚХП КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың ұжымымен кездесу өткізді. Басқосу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, мәдениет саласын қолдау, кітапхана қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жайы сөз болды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Кітапхана қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, мәдениет саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен жастардың рухани тәрбиесін нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Жиында қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, бастамаларды жүзеге асыру жолдарын бірлесіп талқылады.
ҚУАНЫШБЕК НАҚАНОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ
Бүгінгі жиынға келіп, кітапхана ұжымымен кездесіп, еліміздің экономикасымен, әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бірнеше бағыттан тұрады жоспарлары.Білімі бар азаматтар ертеңгі күнде елдің дамуына өзіндік үлесін қосады.