Негізгі Жаңалықтар ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Мегаполисте алдағы саяси науқанға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сайлау учаскелерінің талаптарға сай болуы жіті назарда. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл жолы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында орналасқан №92 сайлау учаскесіне тексеру жүргізілді.

 Ерекше жандарға ерекше жағдай жасалуы керек. Сондықтан учаскелердегі пандустар, арнайы жолақтар және өзге де қолжетімділік құралдары арбамен келген сайлаушылардың емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беруі тиіс. Әл-Фараби ауданында барлығы 77 сайлау учаскесі бар. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру орындарын аралап, олардың талаптарға сәйкестігін тексеріп жүр.

 ЕСЕНҒАЛИ РАСУЛБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз барлық учаскелерді тексеріп, талапқа сәйкестігін қарап жатырмыз. Тиісті жұмыстарды бүгіннен бастадық. Бұл мектеп-гимназия. Біріншіден, пандуспен қамтамасыз етілген. Барлығы талаптарға сәйкес.

Бұл учаскеде 1470 сайлаушы тіркелген. Олар Қонаев, Желтоқсан, Байтұрсынұлы, Құрманғазы және Шәймерденов көшелерінің тұрғындары. Бұған дейін өткен саяси науқандарда қала орталығында тұратын сайлаушылар жоғары белсенділік танытқан.

АҚМАРАЛ ШАТЫРБЕКОВА, №92 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Учаске науқанға дайын. Бұл жерде барлық азаматтарға мүмкіндік жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қолайлы жағдай қарастырылған. Пандус, тактильді жолақ, кабиналар, жарық шамдары мен лупа бар.

 Шымкент қаласында алдағы саяси науқандар мен сайлауларға байланысты барлығы 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде азаматтардың жекелеген санаттарына арналған 24 жабық сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда барлық учаскеде дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.


Бөлісу