Негізгі Жаңалықтар ШЕКАРАДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ШЕКАРАДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Мемлекеттік шекарада заң бұзушылықтар тыйылмай тұр. Бір айдың өзінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бес мыңға жуық құқықбұзушыны ұстап, заңсыз тауарларды анықтады.


Ведомствоның мәліметінше, шілде айында мемлекеттік шекарада 4 мың 975 заң бұзушы ұсталған. Оның 4 мың 346-сы – шетел азаматтары. Күдіктілер есірткі заттарын, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, 150 тоннадан асатын жанар-жағармай, 2,1 миллиард теңге болатын шетел валютасын қолды етпек болған. Шекарашылар Каспий теңізі акваториясында браконьерлікке қарсы күресті де күшейткен. Бір айда заңсыз балық аулаудың 34 дерегі анықталып, 580 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленген. Аталған деректер бойынша Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, 4 мыңнан астам әкімшілік іс қаралып, заң бұзушыларға 38 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бөлісу