Негізгі Жаңалықтар «ШЫМКЕНТ БАРЫСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ШЫМКЕНТ БАРЫСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ күресінен «Шымкент барысы» дәстүрлі турнирі өтті. Республикалық жарысқа іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылған сайысқа 22 балуан қатысты. Олар өзара күш сынасып, мықтыны анықтады.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ұлттық спорттың ұлықталып, жан-жақты қолдау тауып жатқаны айтылды.

 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Күресіміз де, еліміз де дами берсін. Сіз бен біз осы жолда күш салайық!»

Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қазақ күресімен 14 жылдан бері шұғылданып келеді. Осы уақыт аралығында бірнеше турнирде топ жарып, Қазақстан чемпионы атанған. Айтуынша, алдағы мақсаты – «Қазақстан барысына» қатысып, халықаралық додаларда топ жару.

НҰРСҰЛТАН ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ, СПОРТШЫ
 – «Кім мықты екенін кілем шешеді. Жеңімпаз «Қазақстан барысына» жолдама алады.»

Жарыстың әділ өтуін жоғары дәрежелі төрешілер қадағалады. Олардың айтуынша, спортшылар үшін бұл турнирдің маңызы зор. Жеңімпаз алда өтетін «Қазақстан барысына» жолдама алады.

ОЛЖАС АЙДАРХАНҰЛЫ, БАС ТӨРЕШІ
– «Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде өтіп отыр.»


Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Нұрдәулет Бақтыбайұлы иеленді. Ал екінші орынды Нұрсұлтан Қожагелдіұлы жеңіп алды. Үшінші орын Айбол Нысанәліге бұйырды.



Бөлісу