Негізгі Жаңалықтар ДЕПОЗИТ КӨЛЕМІ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

ДЕПОЗИТ КӨЛЕМІ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Ақшасын қалтада емес, банкте сақтайтын қазақстандықтардың қатары көбейіп келеді. Мұны соңғы статистика да растайды. Ел тұрғындарының банктердегі депозиті алғаш рет 30 триллион теңгеден асып, тарихи рекордқа жетті.


Депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, жыл басынан бері халықтың банктердегі жинағы 7 пайызға көбейген. Оның ішінде теңгелік депозиттер айтарлықтай өсім көрсетіп, 9,5 пайызға артса, шетел валютасындағы салымдар 3,4 пайызға азайған. Оған қоса, тұрғындар бүгінде қаражатын ұзақ мерзімге тиімді басқаруға мән бере бастаған. Сондықтан қайта толықтыруға болатын мерзімді және жинақ депозиттеріне сұраныс артып келеді. Дегенмен, салымшыларды ақшаның қауіпсіздігі алаңдатады. Бұл тұрғыда елдің депозиттерге кепілдік беру қорының қаржылық жағдайы тұрақты. Қазір қор резервінде банктердің міндетті жарналары мен инвестициялық табыстан жиналған 1,73 триллион теңге бар. Бұл заңда белгіленген ең төменгі талаптан да жоғары көрсеткіш. Яғни депозиттерге кепілдік беру жүйесі мемлекеттік бюджетке сүйенбей-ақ, өз қаражаты есебінен тұрақты жұмыс істеп келеді.

Бөлісу