Негізгі Жаңалықтар КОЛЛЕДЖДЕР ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

КОЛЛЕДЖДЕР ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Білім беру саласында жаңа өзгерістер. Түркістан облысындағы колледждер заманауи технологияларды енгізіп, оқу процесін жаңа деңгейге көтеріп келеді. Енді студенттердің сабаққа қатысуы цифрлық жүйе арқылы бақыланады. Face ID технологиясы білім алушылардың қатысуын автоматты түрде тіркеп, оқу тәртібін бақылауды жеңілдетеді.

Ал қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Фаворит» бухгалтерлік жүйесі мен жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «Baqylau-kz» платформасы енгізілмек. Мамандар бұл жүйе басқару сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады. Бүгінде Түркістан облысында 50 колледж жұмыс істейді, ал онда 39 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Мұнда болашақ құрылысшылар, аграршылар, медицина мамандары, техникалық және қызмет көрсету саласының кадрлары даярланады.  Былтыр орта арнаулы оқу орнын тәмамдаған жастардың 81 пайызы жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 83 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

 ҒАЛЫМЖАН ОРЫНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біздегі барлық колледждерде бұл жүйе орналасқан.Енді біз арнайы компаниямен жұмыс істеп, екі колледждің платформасында интеграциялау жүргіземіз.Жаңа оқу жылында студенттердің нақты сабаққа қатысқаны жөнінде ақпарат ала аламыз.


Бөлісу