Негізгі Жаңалықтар «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы қаладағы ойын-сауық және сауда орталықтарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сатушылар мен сатып алушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  25 жылдық тарихы бар партия осы уақыт ішінде Парламентте бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырған.


Партия өкілдерінің айтуынша, олар Қазақстан азаматтығын алу кезінде мемлекеттік тілден емтихан тапсыру туралы заңнамалық бастама көтеріп, оның қабылдануына ықпал еткен. Сонымен қатар жеке банкроттық туралы заң нормаларын әзірлеуге қатысып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың несие жүктемесін жеңілдетуге үлес қосқан. Штаб мүшелері тұрғындарға партияның осы және өзге де бастамаларын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Партия бағдарламасында егемендік пен тәуелсіздікті нығайту, қоғамда, саясатта және экономикада ұлттық мүддені ілгерілету негізгі басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық берілген. Бұдан бөлек, «Ақ жол» партиясы шағын және орта бизнесті дамыту арқылы орта тапты қалыптастырып, байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты азайтуды көздейді.

Бөлісу