Негізгі Жаңалықтар «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ГАЗ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ГАЗ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Елімізде тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауының үгіт жұмыстары жалғасып жатыр. Саяси додада ең көп кандидат ұсынған «Әділет» партиясы жеке сектор өкілдеріне барып, сайлаушыларымен кездесіп жүр. Оларға тұғырнамасын таныстырып қана қоймай ел-жұртты мазалған мәселелерді тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне де назар аударуда.

«Әділет» партиясынан депутаттық мандатқа үміткер Нұрлан Бекназаров бастаған сайлауалды штаб өкілдері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының ұжымымен кездесті. Қатысушыларға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Онда газ мамандары өндірісті цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, кадр даярлау, отбасы құндылықтарын нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, мұнай-газ саласын одан әрі дамыту секілді мәселелер талқыланды.

НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Біздің Шымкент қаласы өте белсенді, қандай саяси науқан болмасын. Бұл жолыда қазіргі кездесулер нәтижесі көрсетіп жатыр. Азаматтар үлкен сеніммен қарап, «Әділет» партиясының ұсынылған бағдарламасын жан-жақты таныстытырып жатырмыз. Он басымдығы, оның ішіндегі жеті флагмандық мақсаттары. Қалай орындалатыны, сарапталған бағдарлама екендігін, қоғамның қажеттілігінен алынған бағдарлама екенін.

Бөлісу