Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРАЛДЫ

ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында бой көтеретін әрбір нысанның сәулеттік келбеті, құрылыс сапасы және қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігі қатаң бақылауда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен сәулеттік жобалар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында өңірдің сәулеттік келбетін жақсартуға, туристік әлеуетін арттыруға және инвестиция тартуға бағытталған 11 жоба қаралды. Кеңес барысында облыс әкімі жобалардың сапасына, заң талаптарының сақталуына және сәулеттік шешімдердің өңірдің бірегей келбетіне сай болуына ерекше назар аударды. Жеке инвесторлар өз қаражаты есебінен Түркістан қаласында жалпы аумағы 1,6 гектарды құрайтын заманауи сауда-ойын-сауық орталығын, жанармай құю станциясын, автокөліктерге кешенді қызмет көрсету орталығын, сондай-ақ мейрамхана мен қонақ үй салу жобаларын таныстырды. Кеңес мүшелері нысандардың сәулеттік келбеті, функционалдық ерекшеліктері және инфрақұрылымға ықпалы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер құны 4,8 млрд теңгені құрайтын Түркістан медициналық туризм орталығын салу жобасын ұсынды. Жоба толықтай жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылмақ.



Бөлісу