ПАРТИЯЛЫҚТАР БАЗАРДЫ АРАЛАДЫ
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны қыза түсті. Бүгін «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар қаладағы ірі сауда орындарын аралап, тұрғындармен жүздесті.
Партия өкілдері алдымен «Бекжан» базарына барып, сатушылармен және келушілермен еркін форматта тілдесті. Іс-шара барысында тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, отандық өнімді қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары кеңінен сөз болды. Қала тұрғындары да өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Мұндай ашық форматтағы кездесулер тұрғындардың партия бағдарламасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді. Кезекті үгіт-насихат жұмыстары алдағы
ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Бекжан базарына келіп қалдық. Халықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жасауға. бүгін енді Бекжан сауда орталығында жүрміз, керемет. Бізде енді қазір он шақты зауыт фабрикалар бар. Солар кезекте тұр оларға да барамыз. Халықпен кездесу еркін кездесу. Халықты жинап жиналыс өткіземіз деген келісім жоқ. Келдік барылығымен еркін сөйлесеміз солай сайлауға шақырамыз.