«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Ақ жол» партиясы құрылыс нысанын аралап, еңбеккерлермен кездесті. Фракция бағдарламасын таныстырып, ұсыныс пікірлерді тыңдады. Қазыбек Исаның сөзінше, 25 жылдық тарихы бар партия ел инфроқұрылымын дамыту бағытында еңбектеніп келеді. Бұған дейін де парламент қабырғасында мәселе көтеріп, құрылыс ісін жетілдіру жөнінде бірақатар ұсыныс жолдаған.
Басым бөлігі қолдау тауып, жүзеге асқан. Құрылысшылармен кездесу барысында партиялықтар салынып жатқан нысан жайында ақпарат алып, сапа стандартымен танысты. Айта кетейік, Партия бағдарламасында егемендік пен тәуелсіздікті нығайту, қоғамда, саясатта және экономикада ұлттық мүддені ілгерілету басты бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық берілген. Бұдан бөлек, «Ақ жол» партиясы шағын және орта бизнесті дамыту арқылы орта тапты қалыптастырып, байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтықты азайтуды көздейді.