Негізгі Жаңалықтар САУЛЫҚТЫҢ САҚШЫСЫ – ВАКЦИНАЦИЯ

САУЛЫҚТЫҢ САҚШЫСЫ – ВАКЦИНАЦИЯ

Денсаулық – баға жетпес байлық. Ал оны сақтаудың ең тиімді жолы – вакцинация. Ғасырлар бойы адамзатқа қауіп төндірген жұқпалы аурулардың алдын алуда екпенің алар орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында «Kameya Clinic» медициналық орталығы мен Әл-Фараби аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бірлесіп іс-шара өткізді.


Ғасырға жуық тарихы бар вакцинация – бүкіл әлемде жұқпалы аурулармен күресудің жалғыз жолы. Елімізде бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанына жарты ғасырдан асты. Жыл сайын мыңдаған адамның өмірін арашалап қалатын бұл иммундау жүйесі Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесімен бекітілген. Тізбеге енгізілген туберкулез, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, сондай-ақ А және В гепатиттері сынды аурулардың  алдын алмаса, арты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай түсіндірме жұмыстарын Әл-Фараби аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жиі жүргізіп келеді.


АҚБОТА ИСАБЕКОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазақстанның Кодексінде вакина алу керек деп міндеттелген.  Вакцинация тек дені сау, дәл сол кезде ауырмаған балаларға жүргізіледі.Ол міндетті түрде медицина ұйымдарының қызметкерлерімен бақыланады.Вакциина салғанға дейін де, кейін де бақылауда болады.


 Уақыт сүзгісі мен түрлі сынақтан өткен вакциналар – инфекцияның өршуіне жол бермейтін сенімді қалқан.Қазіргі таңда «Kameya Clinic» медициналық орталығы да тұрғындарға тұрақты түрде екпе салуға ден қойған.


АҚНҰР НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, «KAMEYA CLINIC» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
 Клиника бүгінде 36500 тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетеді.Оның ішінде 23000 ересек пен 9300 бала бар.18 жалпы тәжірибелік дәрігерлік аймақ пен 4 педиатриялық аймақ жұмыс істейді.Қазір клиникада ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес халықты профилактикалық екпелермен толық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.


Сапалы медициналық көмек – халық денсаулығының басты кепілі. Бұл бағытта «Kameya Clinic» медициналық орталығы заманауи технология мен кәсіби медициналық қызметті ұштастырып келеді. Ұлттық аккредиттеуден жоғары баға алған клиниканың екі филиалы  бүгінде 36 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған орталық дәрігерлерге нақты диагноз қойып, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу