«АБАЙ ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
10-тамыз Абай күні. Атаулы датаға орай Шымкент қаласында ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптейтін «Абай әлемі» дәстүрлі қалалық байқауы өтті. Бұл шара қала тұрғындары мен жастардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Абай күніне орай қалада 10 тамызға дейін танымдық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ ақынның қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқу сайыстары, әдеби кештер және көрмелер өтеді. Алғашқы күні жастар ақын шығармашылығын насихаттап, өзара сынға түседі.
МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
10тамыз Абай күні қарсаңындабарлық республикалық өңірлерінде Абай Құнанбайұлының туған күніне іс шаралар өткізіледі.
Абай – қазақ халқының рухани қазынасы, даналық мектебі. Ақынның артында қалдырған мол мұрасы – бүгінгі және келешек ұрпақ үшін сарқылмас тәрбие көзі. Осы орайда мектеп оқушылары, студенттер, өнер саңлақтары мен қала тұрғындары қатысып белсенділік танытуда. Іс-шара Ұлы ақынның шығармашылығын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, жастарды Абайдың адалдық, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық идеяларына баулиды.
БЕЙСЕНКҮЛ НАРЫНБЕТОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
биыл Абай әлемі байқауы 4 ші мәрте өткізіліп дәстүрге айналып жатыр.Бір ерекшілігі бар жылдан жылға байқаудың маңызы артып,тереңдеп келе жатыр.
Айта кетейік мерекелік бағдарламалар мен танымдық кездесулер 10 –шы тамыз Абай күніне дейін қаладағы барлық мәдениет ошақтарында жалғасады.