ЗАҢСЫЗ КОНТЕНТ ТАРАТҚАН 20 СТРИМЕР ЖАЗАЛАНДЫ
Шымкентте әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан стример 10 тәулікке қамауға алынды. 48 жастағы азамат TikTok желісінде тікелей эфир кезінде қаралымын көбейтіп, лайк пен донат жинау үшін балағат сөй айтып, бейәдептік танытқан. Және ондай жағдай бірнеше рет қайталанған. Еліміз бойынша жалпы осындай заң талаптарын бұзған 20 дан астам стример жауапқа тартылды.
Стримерлер әлеуметтік желіде хайып қуып, әдепсіз әрекеттер танытқан. Бірі лайк үшін былапыт сөдер айтса. енді бірі көп қаралым жинау үшін тәнін көрсетуге дейін барған.Тіпті қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлағандар да бар. Мысалы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан. Павлодар қаласында 26 жастағы азамат көлік тізгінінде отырып тікелей эфир жүргізген, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Дәл осындай әрекетке барған Түркістан қаласының тұрғыны да жауапкершілікке тартылды. Мұндай контенттің күн сайын кең аудиторияға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, интернет пен әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контенттің таралуын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
БАҒЛАН МЫРЗАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
48 жастағы Ербол Дүйсенбаев тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Және оның бұл әрекеті бірнше рет қайталанған. Осы құқық бұзушылақтары үшін аталған азаматр 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Әлеуметтік желідегі тікелей эфир мен өзге де жариялымдар заң талаптарына сай болуы тиіс. Лайк, немесе қаралым немесе танымалдылық үшін қоғамдық тәртіпті бұзу, әдепсіз әрекеттерге бару және құқыққа қайшы контент тарату жауапкершілікке әкеледі.