ҚХП МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қоғамның әлеуметтік әрі мәдени дамуына бағытталған бастамалар талқыланды.
Кездесу барысында партия өкілдері білім мен мәдениет саласының маңыздылығына тоқталып, кітапхана қызметкерлерін қолдау, рухани құндылықтарды насихаттау туралы ұсыныстарын жеткізді. Ашық форматта өткен кездесуде қатысушылар партия бағдарламасындағы әлеуметтік бағыттарды талқылап, бастамаларды жүзеге асыру жолдары бойынша ой алмасты.
ОРЫНБАСАР АМАНОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ
Білімнің қайнар көзі кітапханадан басталады.Бүгін енді осы кітапханаға сайлауалды бағдарламаны түсіндіруге келдік.Қызметкерлер бізге сауалдарын жолдады, ұсыныстарын жеткізді.Ал біз алдағы уақытта осы пікірлер бойынша жұмыс істейміз.