«ТҰҚЫМБАҚ» АУМАҒЫ АРАМШӨПТЕН ТАЗАЛАНДЫ
«Таза Қазақстан» акциясы жай ғана ұран емес, елімізді көркейтуге бағытталған нақты қадам. Мемлекет басшысы табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өткен болатын. Игі іс-шара Шымкентте жалғасуда. Бұл жолы Орманшы тұрғын алабындағы «Тұқымбақ» аумағы арамшөптен тазартылды.
«Тұқымбақты» тазалауға мегаполистегі тазалық мекемелерінен жұмысшылар шақыртылған. 4 жүк көлігі, қоқыс артатын техника алдырылған. Жалпы 100 ге жуық жұмысшы тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті. Көшет қондырылған алқапты арамшөптен аршып, ескі қураған бұталар араланды.
ХАНЗИРА СҮГІРБАЕВА, АБАЙ АУДАНДЫҚ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ
Біз осы жерге көмектесуге 13 адам келдік. Техникамыз бар шөп оратын жігіттеріміз бар. Біз өзіміз қоқысты тазалауға атсалысамыз. Акцияны қолдап көмектесуге келдік.
Тұқымбақ 12 гектар жерде орналасқан. Мұнда жылына 200 мыңға жуық көшет өндіріледі. Көшетті ұрықтан өсіргендіктен алқаптағы үздіксіз ылғал жабайы шөптің өсуіне оң ықпал етеді. Науқанында 20 мәрте механикалық тазалаудан өтеді. Деседе култивация шөптің 30 пайызын ғана жояды. Қалғанын мекемедегі 35 жұмысшы қолмен тазалайды.
ЕРБОЛ ЕСІРКЕПОВ, ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Бізде питомникта тұқымбақта 15 түрлі ағаштың түрі бар. Көшет отырғызу кезінде шөлге шыдамды қара ағаш. Ясин, Үиеңкі Тұт ағаштарын өндіреміз.
Бұл акция Үшінші мегаполистеде қызу қолдау тапқан. Жалпыұлттық экологиялық бастамаға осы күнге дейін 660 мың тұрғын атсалысқан. «Таза қазақстан» эко акциясы аясында қалада 152 мың ағаш көшеті, 4 миллион түп гүл егілді. Бұрынғы қоқыс полигонының орнында аумағы 45 гектарлық экопарк салынуда. Былтыр 46 гүлзар ашылып, жаңадан 18 фонтан іске қосылды.