Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Экологиялық акция елге ортақ. Президент халыққа жолдауында  өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке баулу қажеттігін ерекше атап өткен болатын.  Жастар да эко акцияны қолдап, белсенділік танытып жүр.  «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен ақпараттық-танымдық кездесу өтті.

Жастармен кездесуде сала мамандары заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы, құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысының зияны жайында тоқталды. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ,  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Біздің осы мегаполис таза қала. Осы тазалықты ары қарай таза ұстау жөнінде ашық сұқбат болды. Іс-шара біткенннен кейін Абай саябағында тазалық жұмыстарын жүргіземіз.

Жиын жанды әңгімемен жалғасты. Жастар арнайы келген құзырлы орган өкілдеріне  көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Тазалық мәдениеті жайында ой қозғады.

 ЗИОДА МҰРАТЖАНОВА, ЕРІКТІ
Бұл акцияның негізгі мақсаты жастарды табиғатты қорғауға тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Біз акцияны сөзбен емес іспен дәлелдейміз.

Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды.

    

Бөлісу