Негізгі Жаңалықтар ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 72,3 ПАЙЫЗЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 72,3 ПАЙЫЗЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН

Алдағы Құрылтай сайлауына қазақстандықтардың қызығушылығы жоғары. Қоғамдық саясат институтының зерттеуіне сәйкес, азаматтардың 72,3 пайызы 23 тамызда өтетін сайлауда дауыс беруге ниетті.


Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі алдағы саяси науқаннан хабардар. Себебі, қатысушылардың 89,4 пайызы сайлау өтетіні туралы білетінін жеткізген. Зерттеу нәтижесінде азаматтардың саяси белсенділігі де байқалған. Дауыс беруге ниеттілердің 87,6 пайызы бұған дейін өткен Конституция жөніндегі республикалық референдумға қатысқан.Ал партиялық таңдауда «Әділет» партиясы көш бастап тұр. Оны қолдайтынын респонденттердің 67,3 пайызы мәлімдеген. Сауалнама еліміздің барлық өңірін қамтып, 8 мың адам арасында жүргізілді. Ал бұл қорытынды қазақстандықтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығы артып келе жатқанын аңғартады.

Бөлісу