ЕЛ АУМАҒЫНДА 10 423 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
713 мың Шымкенттік дауыс беру құқығына ие. Оның 29 мыңға жуығы студент. 66-сы 18 жасқа жаңа толып, сайлаушы санатына алғаш енгендер. Бұдан бөлек тағы 10 мыңнан аса азамат бұрын-соңды саяси науқанға қатыспаған. Мегполиске орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы келіп, дауыс учаскелерінің дайынғын пысықтады.
Ел деңгейінде Құрылтай сайлауыда 71 мың комиссия жұмыс істейді. 10 мың 423 учаскеде 70 мың азамат қызмет атқарады. Нұран Әбдіров саяси науқан жайында толық ақпарат ұсынып, көкейтесті сауалдарға тұщымды жауап берді.
Шымкентте 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 24-і жекелеген санат азаматтарына арналған жабық учаскескелер. Кейбірінің мекен-жайы өзгеріп, жаңғыртудан өткен.
БЕРІК ӘШІРБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Қала бойынша сайлаушылардың артуына байланысты 28 сайлау учаскесінің шекаралары өзгертіліп, жаңадан төрт сайлау учаскесі ашылды.»
Мегаполисте саяси науқанға дайындық жұмыстары қызу. Сайлау учаскелерінің белгіленген талаптарға сай болуы жіті назарда. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Пандустар, арнайы жолақтар және өзге де қолжетімділік құралдары арбамен келген сайлаушылардың емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді.
СӘКЕН МӘЖІНБЕКОВ, №101 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
– «Өздеріңіз көріп тұрғандай арнайы бұрыш жасалған мүмкіндігі шектеулі азаматтаға арналған. Барлық қажеттіліктермен қаматамасыз етілген.»
Кездесу соңында сайлау учаскелерінің қызметкерлері орталық сайлау комиссиясының төрағасына толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауап алды.