Негізгі Жаңалықтар 42 ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

42 ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

Түркістанда өндірісті өркендететін ауқымды жоба қолға алынбақ. Көне шаһарда тағы бір индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Егер жоба толық жүзеге асса, өңірде 42 жаңа кәсіпорын ашылып, мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.


Жаңа индустриалды аймақ құру жобасы облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Минь арасындағы кездесуде таныстырылды. Жоба құны 30 миллион АҚШ долларды құрайды. Индустриялық аймақта өндірістік корпустар, бондтық қоймалар, әкімшілік әрі сервистік орталықтар, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым бой көтереді.Жоба Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өндірістік байланысты күшейтіп, «Орталық Азия» халықаралық индустриялық орталығының әлеуетін арттыруға жол ашады. Сонымен қатар шекара маңындағы логистикалық тораптың мүмкіндігін кеңейтіп, шағын және орта бизнесті дамытады. Кездесу барысында инвесторлар қаржыландыру мәселесін реттеп, құрылысқа кірісуге дайын екенін айтты.

Бөлісу