«БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Бүгін «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, энергетика саласындағы экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау жайын талқылады.
Кездесу барысында өндірістегі экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған бастамалар айтылды. Басқосу еркін форматта өтті. Еңбек ұжымы өздерін толғандырған мәселелерді айтып, пікірлерін ортаға салды. Ал кездесу соңында партия төрағасы көтерілген ұсыныстардың назарға алынатынын жеткізді.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін біз «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің ұжымымен кездесіп отырмыз.Біріншіден, Шымкент қаласынан құрылтайға қатысатын кандидаттарды таныстырдық.Біздің идеологиямыз – жасыл экономиканы дамыту арқылы, яғни әрбір адам қоршаған ортаға зиян келтірмей өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.Таза, мәдени, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын жолды қалыптастырамыз елімізде.