Негізгі Жаңалықтар «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

«ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Кентау қаласының маңындағы Қарнақ елді мекенінде заманауи үлгідегі «Достық үйі» ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Жаңа нысанды толық аралап көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


 Ғимараттың жалпы ауданы 2844 шаршы метрді құрайды. Жобалық-сметалық құны 1 277,8 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «РСУ-1» мердігер мекемесі жүргізді. Ғимарат сыйымдылығы 300 адам. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан түркістн облысының әкімі Нұралхан Көшеров қазақ руханияты мен ел бірлігін насихаттайтын мұндай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтті. Қарнақта бой көтерген жаңа нысан – елдің рухани өмірін жандандырып, өнер мен мәдениеттің, бірлік пен татулықтың алтын ордасына айналатынына сенім білдірді.   



НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аймақтарда «Достық» үйлерін көбейтуді тапсырған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс орталығында «Достық» үйі ашылып, ауқымды жиындарды қабылдайтын орынға айналды. Қарнақ ауылы – талай ғұлама мен дін қайраткерлерін тәрбиелеген тамыры терең мекен. Осындай киелі өлкеде жаңа орталықтың ашылуы – заңдылық. Бүгін пайдалануға беріліп отырған «Достық» үйі  жастардың өнерін шыңдайтын, ақсақалдар мен аналардың басын қосатын, түрлі мәдени-көпшілік шаралар өтетін берекелі мекен бола берсін.

Бөлісу