ҚХП КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ
Қазақстан Халық партиясының өкілдері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, негізгі бағыттары мен бастамалары түсіндірілді.
Кездесу барысында партия өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, еңбек адамын қолдау бағытындағы ұсыныстарын жеткізді. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, өз пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен кездесуде қатысушылар әлеуметтік бағыттағы бастамаларды талқылап, өзара пікір алмасты.
БАЙМЫРЗА УМАРОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін біз кәсіпкерлермен кездестік.Бұл жерде біз партияның он тоғыз бағыттан тұратын бағдарламасын түсіндірдік, істелген жұмыстарды айттық.Кәсіпкерлікті қолдау бойынша біздің партияның істеп жатқан жұмысын жеткіздік, жастардың баспанамен, жұмыспен қамтылуы бойынша сұрақтар қойылды.Бірге осы мәселелерді талқыладық.