Негізгі Жаңалықтар САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Мегаполисте алдағы саяси науқанға дайындық жұмыстары қыза түсті. Сайлау учаскелерінің талапқа сай жабдықталуы басты назарда. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалады. Осы орайда бүгін 144 жалпы орта мектебінде орналасқан №355 сайлау учаскесіне тексеру жүргізілді.


Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау күні еш кедергісіз дауыс беруі үшін пандустар, тактильді жолақтар мен өзге де арнайы құралдардың талапқа сай болуы тексерілді. Аталған сайлау учаскесінде 2513 сайлаушы тіркелген. Комиссия өкілдері дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтады. Жалпы, Шымкент қаласында алдағы саяси науқанда 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазір техникалық дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.


НАРТАЙ КҮЗЕНБАЕВ, №355 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
 Біздің сайлау учаскесінде барлық сайлаушыға жағдай жасалған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы пандустар, шақыру түймелері жұмыс істеп тұр.Тактильді жолақтар да төселген.Қазіргі таңда сайлауға толық дайынбыз.

Бөлісу