«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ САПАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСТЫ
Бүгін Шымкентте 3500-ден астам бастауыш ұйым өкілдері бас қосып, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын сарапқа салды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген екі мыңнан астам өкілдің басын қосқан форумда Құрылтай депутаттығына кандидаттар бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.
Жиында еңбек құқығын қорғау, өндірістік қауіпсіздік, білікті мамандар даярлау, бизнесті қолдау мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар инвестициялық ахуалды жақсартып, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде нақты ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында саяси ұйым қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партия куәліктері табысталды.
ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Жұртшылықпен кездесу барысында көптеген мәселелер көтерілді.190 іс-шара өткізілді, 200 мыңға жуық халықпен кездестік.Әр өңірдің жұртшылығымен, түрлі санаттағы азаматтармен кездесіп, түрлі мәселелер талқыланды.Әр бағыт бойынша нақты көрсеткіштерді айта кетіп, халыққа түсіндіру жұмысын жүргіздік.
Күні бойы жалғасқан іс-шаралар барысында штаб мүшелері мәдениет және өнер қайраткерлерімен де кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. Жүздесуде елдің рухани дамуы, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жайы көтерілді. Бұдан бөлек, кандидаттар қаладағы маңызды өндіріс ошақтары мен әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.