ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУІНЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
Абай ауданында орналасқан №359 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Учаске «Shymkent city school» жалпы білім беретін жекеменшік мектептің ғимаратында орналасқан.
Бұл учаскеде 2869 дауыс беруші тіркелген. Оның 11-і – ерекше жан. Сайлау учаскесінде дауыс берушілерді қабылдауға қазір дайындық жан-жақты жүріп жатыр. Әсіресе ерекше қажеттілігі бар заматтардың сайлау учаскесіне кедергісіз келіп, дауыс беруіне мүмкіндік жасауға басымдық берілген. Атап айтқанда, азаматтың келгенін білдіретін арнайы қоңырау батырмасы бар. Санитарлық нормаға сай пандустар орнатылған, көзі көрмейтін азаматтарға бағыт-бағдар беруге арналған тактильді көрсеткіштер де қарастырылыпты. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарды арнайы кабинаға бағыттайды. Сондай-ақ трифлотехникалық құралдар, яғни көруінің нашарлауы салдарынан мүмкіндігі шектелген сайлаушыларға арналған электрондық лупа бар.