Негізгі Жаңалықтар ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫНА КІРЕ АЛМАҒАН ТҰРҒЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БЕЙНЕЖАЗБА ҚАЛДЫРҒАН

ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫНА КІРЕ АЛМАҒАН ТҰРҒЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БЕЙНЕЖАЗБА ҚАЛДЫРҒАН

ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫНА КІРЕ АЛМАҒАН ТҰРҒЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БЕЙНЕЖАЗБА ҚАЛДЫРҒАН

Тұрғындардың арыз-талабы ескерусіз қалмайды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының халқымен кездесуден кейін әлеуметтік желіде облыс әкіміне өз өтінішін жеткізе алмай қалған тұрғынның бейнежазбасы тарады. Жағдайдан хабардар болған әкім азаматты арнайы қабылдап, арыз-тiлегiн мұқият тыңдады. Осылайша, тұрғынның көтерген мәселесі тиісті бақылауға алынды.


 Облыс әкімімен кездесуінде Кентаулық тұрғын Тұрәлі Айтжанов өзіне тиесілі 3 гектар жердің нысаналы мақсатын коммерциялық бағытқа өзгертуді сұрады. Оның айтуынша, қала кіреберісіндегі бұл аумақты кәсіпкерлікке икемдеу – өңір экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.


ТҰРӘЛІ АЙТЖАНОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
 Бұл жерде Кентау қаласының генпланына өзгеріс енгізілу керек деп айтылған. Соны облыс әкімінің өз аузынан қай уақытқа жоспарланғанын білгім келеген. Бұларада Кентаудың ген планы өзгеру керектігін білемін. Өйткені менің жерім ауылшаруашылығы мақсатында,генплан бойынша былай өзгере салмайтын болғандықтан облыс әкімінің өз ауызынан естігім келген. СҰрағанымда 2027 жылдың ішіне толыққанды бастан аяқ бітіріп беруге тырысамыз деген жауап алдым. Мәселем сол еді.


Бұл мәселе бойынша азамат бұған дейін де бірнеше мәрте Кентау қаласы әкімінің және облыс әкімінің қабылдауында болған. Оған қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, баламалы жер учаскесі де ұсынылған. Алайда тұрғын бас тартқан.


Бүгінгі қабылдауда мәселое жауапты мамандардың қатысуымен  жан-жақты қаралып, қолданыстағы заң талаптары кезекті рет түсіндірілді. Жер телімі Кентау қаласының қолданыстағы бас жоспарына сәйкес су қорғау аймағында орналасқандықтан оның нысаналы мақсатын өзгертуге қазіргі таңда заң жүзінде мүмкіндік жоқ екені айтылды.
 

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Дұрыс қой бұл кісінің жан айқайы. Жеке меншік жер ғой сіздікі? – жекеменшік жер. –Ауылшаруашылық мақсатында... –Ия, мақсаты. –Бұл кісіге шанс қой еретең мысалы мына жерді біреуге сатсада әжептеуір қаржды ғой. Қазір ген план өзгерісте. Нақты қандай объект түсу керек екенін конверциялық сол мәселені қарайсыздар. Бірақ сол нысаналы мақсатта ертең игеру керек болады коммерциялық мақсатта.


Қабылдау барысында Тұрәлі Айтжанов кеше халықпен кездесу кезінде туындаған түсініспеушілік салдарынан өз мәселесін жеткізе алмағанын айтып, орын алған жағдайға өкініш білдірді. Сондай-ақ өтінішін жеке қабылдап, мәселенің құқықтық тәртібін жан-жақты түсіндіргені үшін облыс әкіміне алғысын жеткізді.


ТҰРӘЛІ АЙТЖАНОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
 Мен анық осыған бола кеше жазылғанмын негізі. Адам болған соң болып қалады. Кешіріңіздер енді. Осынша адамды жинап менің мәселеме жеке қабылдаудың аты жеке қабылдау болып жатыр. Бір менің мәселем үшін осынша маманды жинап қажетті мамандарды шақыртып алдырып отырғаныңызға рахмет.


Тұрғынның өтінішін тыңдаған облыс әкімі тиісті сала басшыларына бұл мәселені заң шеңберінде, қаланың бас жоспары мен Жер кодексінің талаптарына сәйкес қарастыруды тапсырды.

Бөлісу