Негізгі Жаңалықтар 40 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

40 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

40 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасыға арендалық баспаналар табысталды.  Пәтерлер 5 жылға сатып алу құқығымен берілген. Мерзім аяқталған соң жалдау мерзімін ұзартуға да мүмкіндік бар.

 Мунира Тимурбекова тұрғын үй кезегіне 2014 жылы тіркелген. Осыған дейін пәтер жалдап келген жалғызбасты ананың бүгін көптен күткен арманы орындалып, төбесі көкке жетіп отыр.  

МУНИРА ТИМУРБЕКОВА , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Жақсылық  болсын, той болсын. Жұғысты болсын. Қуаныштымыз!»

 Жалдамалы негізде берілген пәтерлерді аренда мерзімі аяқталған соң қалдық құнын төлеу арқылы сатып алуға болады.  Егер азаматта ондай мүмкіндік болмаса жалға алу мерзімін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.


 ДАНИЯР ТАЙШЕКЕНОВ , «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ
– «Осал топқа жататын азаматтарға беріліп отыр пәтерлер. Қуанышты күн. Пәтерге қол жеткізген азаматтарды құттықтаймыз.»

Баспаналы болған отбасылар қала әкімдігіне алғыс айтты. Тұрғын үй басқармасының айтуынша жыл соңына дейін тағы 4 мың пәтердің баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.


Бөлісу