Негізгі Жаңалықтар ЖЫЛЫНА 200 МЫҢ ТУРИСТ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАУҚАРЛЫ АКВАПАРК ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ЖЫЛЫНА 200 МЫҢ ТУРИСТ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАУҚАРЛЫ АКВАПАРК ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ЖЫЛЫНА 200 МЫҢ ТУРИСТ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАУҚАРЛЫ АКВАПАРК ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түрленген Түркістан. Көне шаһарда әлемдік стандарттарға сай «Turan» аквапарк және ойын-сауық кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 12  гектарға жуық аумақты алып жатқан аквакешенде жылына 200 мың туристі қабылдауға мүмкіндік бар. Нысан құрылысы облыс әкімі Нұралхан Көшерівтің тікелей бақылауында.


Туристік-сауықтыру кешені үш кезеңмен жүзеге асырылады. Биыл наурыз айында басталған құрылыстың алғашқы кезеңін тамыз айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бұл кезеңде келушілерді қабылдау және тіркеу ғимараты, киім ауыстыру орындары, су аттракциондары, шомылу аймағы мен айналмалы аквапарк іске қосылады. Бүгінде І-ші кезеңнің құрылысы аяқталуға жақын. Ал келесі кезеңдерде отбасылық демалыс аймақтары, қонақ үй, мейрамхана, әлемдік стандарттарға сай су аттракциондары, алып толқын бассейндері салынбақ. Жоба толық іске қосылғанда кешен жылына 200 мыңға дейін келуші қабылдап, жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылы толық аяқтау көзделуде. Жоба құны – 13,4 млрд теңге. Облыс басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, инвестор мен жауапты басқармаларға жобаны белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар нысанның инженерлік инфрақұрылымын сапалы жүргізуді, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен қатар, келушілерге жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін барлық жағдайды қарастыруды міндеттеді.

Бөлісу