ЖСДП ҚЫРҒЫ БАЗАРДА
ЖСДП өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қыздыра түсті. Саяси ұйы өкілдері халық көп шоғырланатын сауда орандарын аралауға кірісті. Бұл жолы Қырғы базарға барып парақшаларын таратты.
Іс-шара барысында тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Кездесуде бағаны тұрақтандыру, отандық өнімді қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу кеңінен сөз болды. Партия өкілдері тұрғындармен еркін форматта әңгіме өрбітіп олардың мәселелерін тыңдады. Мұндай қарапайым жағдайдағы кездесулер тұрғындардың партия бағдарламасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Кезекті үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады.
МӨЛДІР КЕНЖЕБАЙ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ
Шымкенттің қырғы базарына келіп, халықпен жүздесіп, ой пікірлерін тыңдап жүрміз. Өзіміздің ақпараттық үгіт насихатымызды өткіздік. Халыққа кәсіпкерлерге ақпарат парақшамызды тараттық. Одан бөлек күн сайын ақпараттық жоспар бойынша акция өткізіп жүрміз.