ДӘРІГЕРЛЕР ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ МҮМКІН
Қазақстандық дәрігерлер енді кейбір медициналық қызметтерді онлайн көрсете алады. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жобаны қоғамдық талқылауға шығарды.
Құжатта дәрігерлер қашықтан науқастың денсаулық жағдайын бақылап, емдеу барысын қадағалап, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, қажетті медициналық кеңестер бере алатыны жазылған. Сонымен қатар, олар созылмалы ауруға шалдыққан азаматтардың жағдайын онлайн көріп, қажет болған жағдайда емдеу жоспарына өзгерістер енгізе алады. Тіпті, ақ халаттылар диагностикалық тексерулердің нәтижелерін қашықтан қарап, қорытынды жасауы мүмкін. Бұл қызметтер тек жұмыс уақытында көрсетіледі. Алайда телемедицина дәстүрлі дәрігер қабылдауын толық алмастырмайды. Егер науқастың жағдайы ауруханада ем қабылдауды қажет етсе, медициналық мекемеге баруға тура келеді.Айта кетейік, аталған жоба 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Бұл уақыт аралығында тұрғындар өз ұсыныстары айтып, пікірін білдіре алады.