Негізгі Жаңалықтар 1500 АЗАМАТҚА КҮРДЕЛІ КӨЗ ОТАСЫ ЖАСАЛҒАН

1500 АЗАМАТҚА КҮРДЕЛІ КӨЗ ОТАСЫ ЖАСАЛҒАН

Шымкентте жыл басынан бері 1500 тұрғынға күрделі көз операция жасалған. Оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен іске асқан.

 Жоғары технологиялық медициналық көмек катаракта, глаукома және көз тор қабығының сылынуы секілді ауыр диагнозы бар науқастардың көру қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік берген. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының Шымкент клиникасы өңірдегі жоғары технологиялық офтальмологиялық көмек көрсететін жетекші емдеу мекемелерінің бірі. Мұнда жыл сайын шамамен 2500 - ға жуық күрделі операция жасалады. Бүгінде Шымшаһарда МӘМС аясында бес медициналық ұйым көз ауруларын емдеу бойынша қызмет көрсетеді.  


Бөлісу