АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КЕШ
Қалада «Шымқала кештері» жобасы жалғасып жатыр. Бұл жолы ашық аспан астындағы мерекелік концерт «Этноауыл» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылды. Сахна төрінде өнер көрсеткен өнерпаздар жанды дауыста ән шырқап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Шымқала кештері» – өнер мен мәдениетті, спорт пен шығармашылықты тоғыстырған ерекше демалыс алаңы. Жоба қаланың кешкі тынысын ашып, тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Кезекті кеште қала әншілері халыққа арнап өз репертуарын ұсынды.
ҒАЗИЗА БАРАТХАН, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» ҰЙЫМЫНЫҢ ӘНШІСІ
Бүгінгі іс-шараға біздің концерттік ұйым атынан 15 әнші келіп отыр.Және де Абай Құнанбайұлының туған күніне де арналып отыр.Концерттің басын қалалық жастар театры ашып берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеш өтіп жатқан «Этноауыл» кешеніне жиналған жұрттың ықыласы ерекше. Жергілікті өнерпаздар тұрғындардың сұранысына сай түрлі жанрдағы әндерді шырқап, жазғы кешті концерттік бағдарламамен әрледі.
ЖАННАТ ШАМАЕВА, КӨРЕРМЕН
Бүгінгі болып жатқан іс-шара өте керемет ұйымдастырылыпты.Кешкі серуен де құрып жүрміз.Алдағы уақытта демалыс күндері концерт тамашалау үшін Түркістаннан арнайы келіп тұрамыз.
Түрлі жастағы көрерменнің көңілінен шыққан «Шымқала кештері» жобасы күзге дейін жалғасады. Демалыс күндері ұйымдастырылатын бұл мәдени іс-шаралар тұрғындардың кешті әсерлі өткізуіне арналған.