«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкентте Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Партия өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Кезекті кездесу «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің ұжымымен өтті.
«Respublica» партиясының кандидаттары Шымкенттегі кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен жүздесуде. Кездесулер барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, кәсіпкерлікті қолдау, салық жүктемесін азайту және шағын әрі орта бизнеске кедергі келтіретін бюрократиялық тосқауылдарды жою мәселелері айтылды. Кандидаттар бұл бастамалар кәсіпкерлер мен еңбек адамдары үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, бизнестің дамуына жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, партияның атқарған жұмыстары туралы ақпарат берді.
ОЛЖАС ЖҮНІСОВ, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Respublica» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Шымкентте кәсіпорындар мен зауыттар көп. Сол мекемелерге барып, еңбек ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамызды таныстырып жүрміз. Бүгін «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің мамандарымен кездесіп, партиямыздың негізгі бағыттары мен атқарған жұмыстары туралы айтып, сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Сондай-ақ үнпарақшалар тараттық.