Негізгі Жаңалықтар «АҚ ЖОЛДЫҚТАР» ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

«АҚ ЖОЛДЫҚТАР» ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕДІ

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «ЦУМ» ойын-сауық және сауда орталығына барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғауды мақсат еткен партия өкілдері бизнес қауымдастығымен пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

 Партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту жолдары жөнінде ой бөлісті. Сатушылар мен сатып алушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Іс-шараға «Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Бақдәулет Мәлімов арнайы қатысып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Құрылтайдағы басты мақсаты – Алаш идеясын ұлықтап, халықтың үнін жеткізу. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің мүддесін қорғап, экономикалық өсімге үлес қосу.

 БАҚДӘУЛЕТ МӘЛІМОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ АТЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНА КАНДИДАТ
 «Біздің партияға қандай да бір арыз-шағым, өтініш түссе… Әсіресе Салық кодексіне байланысты түсінбеушіліктер болған. Сонда «Ақ жол» партиясы үлкен жиындар өткізіп, мәселелерді шешуге мұрындық болған.


Бөлісу